Клинтон Қытайды Солтүстік Кореяға қысым жасауға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709065023497_small.jpg

Демократиялық партия атынан Президенттік сайлауға түсіп отырған Хиллари Клинтон Корей халықтық демократиялық республикасының ядролық сынағына байланысты Пекинге қоқан-лоқы көрсетуде. Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы жазады. Клинтон Қытайға АҚШ-тың ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін кеңейте беретінін ескертті.  Клинтонның пікірінше, Қытай бұл жөнінен Солтүстік Кореяға қысым жасауы керек.

«Мен бізде Қытайға қысым көрсетудің барлық тетіктері бар екенні білемін» деп ескертті Клинтон. CNN телеканалының хабарлауынша, Клинтон Вашингтонның жақтастарын ракетаға қарсы жүйелермен қолдайтынын айтқан.

Естеріңізге салайық, 9 қыркүйекте Корей халықтық демократиялық республикасы бесінші ядролық сынағын жүзеге асырды. 

Связанные Статьи