Кеме капитаны қаза тауып, екі экипаж мүшесі жараланған. Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы жазады.
Оңтүстік Кореялық Eiwa Maru 3 танкері Вакаяма префектурасына жақын жағалауда жарылған. Жапонияның жағалау күзетінің қызметкерлері оқиға орнында тексеру жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыс қауіпсіздік техникасын сақтамаудан орын алған.
Eiwa Maru 3-тің су сыйымдылығы 740 тоннаға жетеді.