ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», - деп жазылған Президент Жарлығында.
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров – 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
1987-1995 жылдары – Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды.
1995-1997 жылдары – Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.
1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.
1998-1999 жылдары – «Озон-Ислам» ЖШС қаржы директоры.
1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы.
2002-2004 жылдары – Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары.
2004-2007 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.
2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.
2012-2013 жылдары – Ақмола облысының әкімі.
2013 жылғы қаңтар – 2014 жыл – Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы.