Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалсын», - деп жазылған Президент Жарлығында.
Берік Мәжитұлы Имашев 1960 жылы 7 маусымда Алматы облысында дүниеге келген.
1982 ж. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі болған.
Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аудан прокуроры.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы.
Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
1994-1997 жж. «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
Салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары.
1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы.
1998-1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.
1999-2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
2001-2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті.
2003-2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
2005 ж. мамыр-қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды.
2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
12 қаңтар 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшыс
2012 жылы 20 наурызынан бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрі.