Баян Есентаева екі күн бұрын балаларын жалғыз тәрбиелеп жатқан жалғызбасты әйелдерге көмектесетін “Аналар үйі” қоғамдық ұйымына барды,- деп хабарлайды Qamshy.kz.
“Әлем мейірімді жандарсыз емес. Бүгін алғаш рет “Аналар үйіне” бардым. Үлкен, әрі ыңғайлы. Онда 20 ана өздерінің балаларымен бірге тұрып жатыр. Жас аналардың әзірше барар жер, басар таулары жоқ. Оларды күтіп жатқан ата-аналары жоқ, оларды туысқандары, өмір сүріп жатқан қоғамы түсінбейді. Бірақ, олар өздерінің перзенттерін шексіз жақсы көреді, «Аналар үйі» балаларын жетімдер үйіне өткізбес бұрын, олардың мың рет ойлануына мүмкіндік береді. Олар өте тату тұрады және ана болу үшін онда барлық жағдай жасалған. Қазақстанда дәл осындай 28 үй бар, ондай ұйымдарды мейірімді меценаттар ашқан. Осындай үйлердің арқасында елімізде жетімдер саны аз. Егер сіздің оларға көмектесуге деген ниетіңіз болса, мына нөмірге хабарласуыңызға болады: 8 701 752 72 45» – деп жазған инстаграм парақшасында Баян Есентаева.
Продюсердің аналар үйіне барып, қолдау білдіргені елді елең еткізбей қоймады. Баянды жақсы көретін оқырмандары оның бұл ісіне риза болып, алғыстарын білдіріп жатты.
Оставить комментарий