Ата Заң - тұрақтылық кепілі

/uploads/thumbnail/20170709082245876_small.jpg

Дағдарыстар жеңуді үйретеді. Сондықтан қазір тұрақтылықтың құны арта түсуде. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам - біз әрқашан ұстанып келе жатқан бағдар осы».

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік күніндегі мерекелік салтанатта осылай деген болатын. Президент мұны текке айтқан жоқ. Басқа-басқа, ал Қазақстан үшін тұрақтылықтың мән-маңызы ерекше, деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санында.

«Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз» деп Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай, Қазақ хандығының іргесі қалан­ғаннан бері тағдырдың қаншама теперішін, жаугершілік заманды, аштық пен репрессия зұлмат­тарына толы аумалы-төкпелі кезеңдерді бастан кешті. Тәуел­сіздіктің арқасында талай белесті бағындырдық. Қазақстандық ел басқару үлгісі, экономиканы кө­теріп, дағдарыстан алып шығу тәсілі қай елге болса да үлгі бо­ларлық жағдайға жеттік. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік саясатта, экономикада, өзге де салаларда өзіндік орны мен айбынды күші бар мемлекетке айналды. Көп­те­ген халықаралық ұйымдардың мүшесі. Осының барлығы Кон­сти­туциямызды қабылдап, мем­ле­кеттігімізді нығайтудың арқа­сында мүмкін болып отыр. Тә­уел­сіздіктің алғашқы сәтінен мем­лекеттік саясаттың бастапқы негізі ретінде дамудың демокра­тиялық бағытын таңдаған біздің республикамыз Елбасы бастаған сара жолымен ілгері жылжып келе жатыр. Алғашқыда балама­-лы негізде сайлау өткізудің тетігі қолданылды, азаматтардың не­гізгі құқықтары мен бостан­дық­тары, саяси плюрализм, ақпарат бостандығы, этностар мен кон­фес­сиялар теңдігі қағидаттары бекітілді. Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап тұрақты және орнықты дамуды нығайту жолы бойынша салмақты қадам жа­салды. Бұдан кейінгі кезеңде «Ал­дымен - экономика, содан соң - саясат» деген қағидат басшылық­қа алынды.

Елбасы «Ұлт жоспары - қа­зақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақа­ласында: - Біздің еліміз өзінің та­бысты даму моделімен тұрақ­тылықтың, бейбітшілік пен ке­лі­сімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті, - деп атап өткен болатын. Тұрақтылық жолында жалпыхалықтық референдум өт­кізілді. Сол арқылы қолданыс­тағы Конституциямыздың қа­был­дануы ел өміріндегі ең ма­ңызды шешім болды. Бұл - Қа­зақ­стан мемлекеті мен қоғамы­ның барлық тіршілік салаларын реттейтін негізгі құқықтық құжат. Конституциямыз қолданылғалы бері елде бірде-бір саяси дағда­рысқа ұшырасқан жоқ, кездескен күрмеулі мәселелер Ата заң шең-берінде шешіліп келеді.

Тұрақтылықты қамтамасыз ете­тін маңызды тетік - прези­денттік институт. Ата заңға сәй­кес, республика Президенті ха­лық тұтастығы мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мыз­ғымастығының, адамдар мен аза­маттардың құқықтары мен бос­тан­дықтарының нышаны және кепілі болып табылады, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және билік органдары­­-ның халықтың алдындағы жауап­кер­шілігін қамтамасыз етеді. Со­ны­мен қатар, Мемлекет басшы­сы­ның уәкілеттіліктері­нің кең ауқым­ды болуы басқа­ру­дың бі­різділігін, шешімдердің ұт­қыр­лығын және ел дамуындағы дағ­дарысты және өтпелі сәттерде бар­лық мемлекеттік ресурстарды жұмылдыру мүмкіндігін қамта­­ма­сыз етті. Мұның айқын дәлелі - жалпыхалықтық қолдауға және әлемдік танымалдылыққа ие бол­ған ел Президенті Н.Ә.Назар­баевтың бүткіл саяси қызметі десек қа­телеспейміз. 

Қазақстандағы халықтың по­лиэтностық құрылымы жағда­йын­да тұрақтылық пен азамат­-тық бейбітшілікті сақтау үшін ұлттық саясат пен діни сенімдері әртүрлі адамдардың арасын­­дағы толеранттылық мәселелері елеулі маңыз алады. Президент ұлтаралық келісім біздің басты құндылығымыз екенін қайта-қай­та атап көрсетіп келеді. Са­раб­дал ұлттық саясат жүргізудің арқасында ұлтаралық және кон­фессияаралық татулықтың ор­нығуына, ұлттық-рухани жаң­ғы­ру мен еліміздегі барлық этностардың тең құқылы дамуына кең жол ашты.

Қазақстанда 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3 мыңнан астам діни бірлестік бар. Мем­ле­кеттің бұл мәселедегі нақты ұста­нымы - рухани тәрбие саласы қазақстандықтардың діни құ­қықтары мен бостандықтарын толығымен жүзеге асыру мін­деті­не сай болуы тиіс. Мемлекет бас­шысының бастамасымен құрыл­ған Қазақстан халқы ассамблея­сы - ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету функ­циясын орындайтын тиімді тұ­рақ­тандырушы институт болып отыр. 

Уақтылы қабылданған шара­лардың арқасында республика соңғы жиырма жыл ішіндегі әлем­дік экономикалық дағда­рыстың салдарына ұрынбады. Қоғамды тұрақтандыруда Мәң­гілік ел және «Ұлы дала елі» тұ­жырымдамаларын іске асыру­дың маңызы зор. Қазақстанда ұлттар бірлігі мен қоғамдық ке­лісімді нығайтуға, патриотизмге тәрбие­леуге бағытталған бұл бағ­дар­ла­малар - елдегі тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтама­сыз етудің нақты кепілі, рухани қоз­ғаушы күші екенін ел-жұрт көріп отыр.

Ұлт жоспарын іске асыру мақ­сатында «Индустрияландыру жә­не экономикалық өсім» ре­фор­масының аясында өткен жы­лы 30 заң мен 289 заңға қатысты ак­тілер қабылданды. Биыл 152 нор­мативтік құқықтық актілер, оның ішінде 2 кодекс пен 4 заң әзір­леніп, қабылданатын болады.
Елімізде 120-ға жуық мектепте үштілді білім беру жүзеге асы­ры­луда. 1 қыркүйектен бастап елдің барлық мектептерінде 1-сы­нып­тар үшін бастауыш мектептің 24 оқу бағдарламасы, негізгі мек­теп және жоғары сыныптар мек­тебінің 84 оқу бағдарламасы әзір­ленді. 22 әдістемелік құрал мен жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері үшін 31 ұсыным дайындалды.

«100 нақты қадам» Ұлт жос­пары аясында бірлік пен біртек­тілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. Парламент деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды. Мемлекет басшы­сының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 қаулысы қабылданды және со­лардың бәрі бүгінде жүзеге асы­рылуда.

2015 жылдың соңында Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев Мәң­гілік ел жалпыұлттық па­триоттық идеясының құнды­лық­тары негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіткен болатын. Мәңгілік ел жаңа қазақстандық патриотизм­ді нығайтуға және дамытуға ба­ғытталған. Елімізде билік инсти­туттары тұрғындармен толыққанды өзара қарым-қатынас жа­сауға мүмкіндік беретін мемле­кеттік басқару жүйесі құрылуда. 

Ата заңымыздың басты көз­дейтін нысаны - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостан­дықтары. Негізгі заңымыз тәуел­сіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі қағидаттарын бекітіп, демокра­тиялық институттардың дамуына қуат берді. Бір сөзбен түйіндейтін болсақ, Конституция - Қазақстан азаматтарының бірлігіне, теңді­гі­не кепілдік беретін, сондай-ақ, барлық билік тармақтарының қызметіне бағыт беріп отыратын негізгі құжат.  

Связанные Статьи