Бүгін, қыркүйектің 23 күні Нұрсултан Назарбаев Қостанай облысында іс-сапарда жүр. Ол бірқатар өндіріс орындарына барды, оның ішінде автомобиль көрмесіне барып, Қазақстанда құрастырылған электромобильді тестілеуден өткізді, -деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Елбасы облыстағы өндіріс мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Ол бірнеше маңызды өндіріс жобаларын атап өтті. Мысалы, «Жас Қанат-2006» ЖШС (құс фабрикасы), - мекемені жергілікті кәсіпкер қалпына келтірді.

Оның үстіне, президентті ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын лисаковті, бірақ түп-тамыры канадалық «Дон Мар» ЖШС қызықтырды.
«Біз Канадамен дос болуымыз керек, себебі біздің жерлеріміз ұқсайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Электромобиль көрмелері президенттің ерекше қызығушылығын оятты. Ұзақ баяндамадан кейін ол өзі рөлге отырып, көлікті тексеріп көрді.

Ақорда баспасөз-қызметі хабарлағандай, бұл электромобильдер Халықаралық арнайыландырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады.