Бағлан Әбдірайымов «91» тобына ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20170709085532293_small.jpg

Қоғамда қызу талқыланып жатқан «Ninety One» тобындағы жігіттердің шашы мен сырғасы әлі де талай әңгімеге арқау болатын сияқты. Өзге әріптестерінен қалмай «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов та бұл топқа қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Ерболат және 91 тобы! «Есің барда еліңді тап», - деген мақалды еске түсірейін.. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!», - деп жазады Б. Әбдірайымов Инстаграмдағы парақшасында.

Әншінің бұл ескертуін біреу қолдаса, енді біреулер қоқан-лоққы көрсету деп қабылдауда. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи