Алматы-Өскемен тасжолындағы апаттан төрт адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709102629264_small.jpg

Алматы-Өскемен тас жолында кеше кешкісін көлік апаты болып, 4 адам көз жұмды. 8 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Алматы -Өскемен тас жолының 50 шақырымда орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша Lexus, Хонда жəне Hyundai маркалы автокөліктер соқтығысқан. Honda  автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен деген болжам бар.  Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп, хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Көз жұмған 4 адамның екеуі - əйел, екеуі - ер адам. Барлығы ересек жандар. Ал, зардап шеккендер Өтеген батыр елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи