400 мың тонна масақты дәнді дақыл жиналды

/uploads/thumbnail/20170709104824027_small.jpg

Оңтүстiк Қазақстан облысында жазғы дәндi дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсiруде озық технологияларды, оның iшiнде терең қопсыту әдiсiн қолдана отырып, үлкен көрсеткiштерге қол жеткiздi,-деп хабарлайды QAMSHY.KZ   «Оңтүстiк Қазақстан» газетіне сілтеме жасап. 

Оңтүстiктiң шаруалары 214,4 мың гектар жерге егiлген масақты дәндi дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнiм жинады. Бұл – Қазақстанның егемендiк алған жылдардан бергi өңiр диқандарының жеткен жоғары жетiстiгi.

Мәселен, Қазығұртта 42 мың гектар жерге егiлген астықтың әр гектарынан 26,5 центнер, Төлеби ауданында 20,6 мың гектар астықтың гектарынан 26 центнерден, ал, түлкiбастық шаруалар 24,8 мың гектар алқаптан 25,2 центнерден маржан дән жинаған.

Сонымен қатар, облыста дәндiк жүгерiнi ору науқаны басталды. 40,1 мың гектар жерге егiлген жүгерiнiң бүгiнде 3,3 мың гектары орылды. Оның әр гектарынан 42,4 центнер, барлығы 13,8 мың тонна өнiм жиналды. Ал, 74 мың гектар жерге егiлген мақсарының бүгiнде 28,7 мың гектары орылып, одан 20,1 мың тонна өнiм алынды. Алдын ала есеп бойынша диқандар әр гектардан 7 центнерден, жалпы 52 мың тонна өнiм жинауды жоспарлауда.

Облыста осы жылы дәндi дақылдардан 660 мың тонна өнiм жиналады деп күтiлуде.

ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи