Диқандарға мол мүмкiндiк берiледi

/uploads/thumbnail/20170709105407672_small.jpg

 «Максимум» АИО және «Ырыс» МҚҰ осы жылдың қыркүйек айынан 2017 жылғы көктемгi егiн егу жұмыстарына несие алушылардың құжаттарын қабылдауды бастады. Мақсат – диқандардың қаржыны дер кезiнде алып, орынды әрi тиiмдi пайдалануларын қамтамасыз ету.

Құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкiндiгiнше ең қысқа мерзiмде қаралады. Мақұлданса, келер жылы ақша бөлiнiсiмен құжаты дайын азаматтарға бiрден таратылу жоспарлануда.

Қаржыландырудың басты шарттары:

Негiзгi қарызды және несие бойынша пайыздарды өтеу – мерзiм соңында;

Несиенi мерзiмiнен бұрын қайтару – мерзiмiнен бұрын толық немесе iшiнара қайтарылған несие үшiн айыппұл есептелмейдi.

Егiн егу-жинау жұмыстарына бөлiнетiн қаражат жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлерi үшiн берiледi. Несиенiң жылдық пайыздық мөлшерлемесi 9 пайызды құрайды.

Қаржыландыру 2 түрде жүзеге асырылады:

2 транштық несие желiсi;

бiр мезеттiк несие;

Кепiлдiкке жер телiмiн немесе басқа қосымша кепiл затын ұсынуға болады.

Қазiргi таңда қаржы орталығы тарапынан 2017 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру бойынша бiрқатар iс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, қаржыландыруды жедел жүзеге асыру үшiн ОҚО аудандарында суб-офистер құрылды. Сондай-ақ, көктемгi егiс жұмыстарын қаржыландыру ең басым бағыт ретiнде қаралып, аталмыш бағыт бойынша келiп түсетiн өтiнiмдердi қарастыру мерзiмi мүмкiндiгiнше қысқартылды. Облыс тұрғындарына және шаруаларға қаржыландыру шарттарын түсiндiру бойынша бiрқатар iс-шаралар ұйымдастырылуда. Қыркүйек және қазан айларында арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық қала, аудан орталықтары және ауылдық округтерде жиналыстар өткiзедi. Несие алуға ниет бiлдiргендердiң құжаттарын қабылдау да жоспарлануда. Барлық диқандар өз қалаларында, аудандарында немесе ауылдарында өтетiн жиналысқа келiп, өздерiн қызықтырған мәселелердi талқылау және құжаттарын тапсыру мүмкiндiгiне ие. Жиналыстың өтетiн жерi және мерзiмi туралы ақпарат алу үшiн барлық аудан, қала әкiмдiктерiмен байланысуға болады.

Айта кетейiк, жеңiлдетiлген несиеге кез келген шаруа қол жеткiзе алады.

«Оңтүстiк Қазақстан». http://okg.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи