Ордабасы ауданында АЙЫНА 30 ТОННА ЕТ өндіріледі

/uploads/thumbnail/20170709105512220_small.jpg

 

Шұбар ауыл округінде 2010 жылы іске қосылған "Шұбар асыл тұқымды кешені" ЖШС шошқа өсіріп, бордақылаумен айналысады. Бұл жобаның жалпы құны 141 млн. теңгені құрайды, қаржы көзі - ҰҚ "Оңтүстік ӘКК" акционерлік қоғамы,-деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл кешенде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Кешенде бүгінде 5000 шошқа бар. 

"Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 70,0 млн. теңгеге мал сою цехы іске қосылды. Қуаттылығы - тәулігіне 5000 тн.

Серіктестік төрағасы С.Валиевтың мәлімдеуінше бұл кешен айына 30 тонна ет шығарады. Мұнда етті тексеретін арнайы зертхана да жасақталған.

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы.  2015 жылдың бес айында ауыл шаруашылық саласында 6 млрд 353 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,2 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 5 млрд 691 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 112,2 пайыз, ал егін шаруашылығы бойынша 662 млн. 100 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады.

Ордабасы ауданы қай жағынан алса да ауыл шаруашылығын өрістетіп келеді. Бүкіл облыстың экономикасын ілгерілетуге тигізер әсері көп. Тіпті арнайы зертхана жасалуының өзі ауданда мал шаруашылығына үлкен көңіл бөлініп келе жатқанын білдірсе керек. Мұның барлығы түптің түбінде ата кәсіпті дамытуда үлкен мақсаттар қойылғанын көрсетсе керек. 

Связанные Статьи