Қоссейіт ауылында соңғы уақытта жүзім өсіріп, үйінен жылыжай салушылар қатары молайып тұр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев былтырдан бастап барлығы 13 гектар алқапқа жүзім ағашын отырғызып жатқан Қабылан Жұмабектің шаруашылығын аралап көрді. Жапырағын жайқалтып үлгерген баудың өсімі жақсы көрінеді.
айналысып жатыр екен. Бүгінгі күннің талабы – кооперативке біріге отырып, мемлекет тарапынан берілетін көптеген жеңілдіктерді пайдалану екенін жете ұғынған Қабылан мырза бұл жұмыста кездесетін қиындықтарды да айтып өтті. Қожалық иесін мұқият тыңдаған аудан басшысы проблемалар бойынша жұмыс жүргізетінін айтты.
Аудан әкімі үйіргелік жылыжай көлемін одан әрі ұлғайтып жатқан Нәдір Қосановтың тірлігіне риза болды. Алғашында 10 сотық жерге жылыжай жасап, көк-сөк еккен Қосановтардың отбасы өнімді өзінен шығарса көл-көсір пайда болатынына көздері жеткен. Сондықтан да биыл тағы да ауласындағы жылыжай көлемін кеңейтіпті. Алдағы уақытта атамұраға алған жерінен 50 сотық жерге жылыжай жасап, ауылды көгергенмен қамтамасыз етуге тәуекел жасап отырған Нәдір Қосановтың еңбекқорлығы басқаларға үлгі болатын тірлік екенін аудан басшысы атап көрсетті.
Аудан басшысы келешекте 100 басқа арналған мал бордақылау кешенін салған Нұрлан Шаймановтың жұмысымен де танысып, кәсіпкерлігіне табыс тіледі.