ОҚО диқандары молшылыққа кенелді

/uploads/thumbnail/20170709105604668_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын терім науқаны жүрзілуде,- деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде облыста көкөніс, картоп, бақша дақылдарының жиыны басталды. Қазіргі таңда диқандар 350 мың тонна көкөніс, 120 мың тонна картоп, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинады. Олар өздерінің өнімдерімен еліміздің барлық өңірлерін қамтып, артық өнімдерді Ресей мемлекеті мен солтүстік облыстарға жөнелтуде.

Аграрлы аймақта осы жылы көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін 890 мың тонна көкөніс, 1,4 млн. тонна бақша, 256 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде.

Экономикамыз ауыл шаруашылығына бейімделген өңірде ауыл шаруашылығы дақылардын әртараптандырып, егіс, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығын дамыту, өңірдің сапасын көркейтіп, өнімдерді көркейту басты мақсат екенін де айта кеткен жөн. Биылғы жыл молшылық жылы болды.

Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылатыны баршаға аян. 

Связанные Статьи