Түлкібас ауданында МАҚСАРЫ ОРАҒЫ БАСТАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709105631906_small.jpg

 

         Түлкібас ауданы ежелден егін шаруашылығымен қарқынды айналысып келеді. Түлкібас ауданымызда егілген 11400 гектар мақсары дақылы бар, оның бүгінге дейін 5600 гектары орылды. Мақсары дақылының орындалуы 48 пайызды құрап отыр. Биылғы ауа райының біршама жауын-шашынды болуына байланысты дақылдар бітік шығып, әр гектарға шаққанда түсім 9,2 центнерге айналды. Егіннен қамбаға 5160 тонна өнім алынды,-деп  хабарлайды  Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл әрине, жақсы көрсеткіш десек қателеспейміз. Егінді орып алысымен жер жырту жұмыстары жалғасып жатыр.  Қазір айтар болсақ, аудан бойынша 3 500 гектар жер жыртылды.  Бұл аз емес.  Мақсары жинау, жер жырту жұмыстарын “Қызыл Жар” ЖШС-і, Балықшы ауыл округіндегі “Нұртай Ата” шаруа қожалығы, Азаттық ауылындағы “Мақұлбек” ЖШС-і осы салаларда нәтижелі еңбек етіп, жоғары өнімге қол жеткізгенін айта кету керек. Агротехникалық талаптардың сақталуы, жаңа технологиялардың қолдануы мен мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардың арқасында  биылғы жылы  астықтың  мол өнімін  өсіруге қол жеткізіп отырмыз дейді диқандар.

  Осы іріленген шаруашылықтар басқа шаруа қожалықтарға үлгі болып, шаруа жұмысының тиімді тұстарын көрсетіп келеді. “Ұйымдасқан ұтады” деген қағиданы ұстанған осы шаруашылықтардың ұтымды істеріне сүйсінесің. 

Связанные Статьи