Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы хақында

/uploads/thumbnail/20170709110338282_small.jpg

 

Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы да басқа салалармен қатар қарқынды даму үстінде.

Осы жылдар ішінде сала бұрынғы ұжымшар-кеңшар жүйесі негізін құраған ежелгі қатынастардан аграрлық сектор толығымен жеке меншікке өтті.

Агроөнеркәсіп кешенін реформалау 1991 жылы басталған болатын және ол бұралаң жол түрінде, яғни 1992-1994 жылдары нарықтық қатынастарға көшудің ауыртпалық кезеңін өткізді. Осының әсерінен ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштері 1996 - 1997 анағұрлым төмендеді. Атап айтқанда 1991 жылмен салыстырғанда барлық егіс көлемі 40 %,  мал басы 30-40 пайызға, құс басы 78 пайызға кеміп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі едәуір азайды.

1999 жылдан бастап ауыл өмірінде түбегейлі өзгерістер және оны қаржылық сауықтыру басталды. Әрбір ауылда жұмыс жасаушыға оның мүліктік пайы мен шартты жер үлесіне құқық беретін куәлік беру арқылы ұжымдық меншік қалыптасып, жұмыс жасаушы адам шаруашылық жүзгізу түрін дербес таңдау мүмкіндігін алды.

Ауылды реформалау басталғалы бері ауыл азаматтарының көз қарасы өзгеріп, олар нарықтық экономиканың жағдайларына көндіге бастады. Өзінің ауыл шаруашылық өндірісі мәселелерін дербес шешетін нағыз жер иесі пайда болды. Өздерінің пайлары мен үлестерін алған жаңа меншік иелері дербес шаруа қожалықтарын құрып, өз қалауларымен өндірістік кооперативтерге, акционерлік қоғамдарға және түрлі серіктестіктерге бірікті.

Нәтежиесінде, 1999 жылдың аяғында бұрынғы 182  ұжымшар-кеңшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардың саны 70,0 мыңнан асты. Бұл басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш.

http://ontustik.gov.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи