Шардаралық диқандар гектарынан 250 центнерден өнім алды

/uploads/thumbnail/20170709110329675_small.jpg

 

Шардаралық шаруалар биыл бау-бақшадан мол өнім алып отыр. Аудан бойынша осы  маусымда 59 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдерін екті, оның 11 мың гектарға жуығы бау-бақша дақылдары.

Әсіресе, күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін пұлдап үлгерді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83 450 тонна қауын-қарбыз саудаға шығарылған. Оның ішінде, өзіміздің нарықтан бөлек, 50 000 тоннасы Ресей мемлекетіне экспортталғанының өзі үлкен көрсеткіш.  Қалғаны өзіміздің солтүстік облыстарға жөнелтіліпті. Мұның өзі аймақтың қарқынды дамып, алға үлкен мақсаттар қойғанын аңғартса керек. Жалпы өнімнің экспортталуы оның сапасының жоғарылығын, бәсекеге қабілеттігін білдіретіні ақиқат қой. Мұндай жемісті жобалар алдағы уақытта жалғасын тапса, өңірдің экономикалық әлеуеті арта түсетіні де бар. 

Мамандардың есебі бойынша гектарынан орташа 250 центнерден өнім алған аудан диқандарының көңілдері тоқ деп айтуға болады. Бау-бақша өнімдерінің басым бөлігі енді пісіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш күн сайын арта түспек

http://bnews.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи