Тәуелсіздік жылдарындағы агроөндірістің дамуы

/uploads/thumbnail/20170709110347040_small.jpg

 

Егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі 73,0 мың га. артып - 80,0 мың га., бақша 49,0 мың га. артып – 59,0 мың га., көкөніс 27,0 мың га артып -  40,4 мың га., картоп 9,0 мың га артып – 15,3 мың га. құрады. Сәйкесінше егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артты.  1991 жылы облыс бойынша 163,4 мың тн. - көкөніс, 127,0 мың тн. - бақша, 50 мың тн. - картоп өндірілсе,  биылғы жылы 866,0 мың тн. көкөніс (+702,6 мың тн.), 1290,0 мың тн. бақша (+1163,0 мың тн.), 260,0 мың тн. картоп (+210,0 мың тн.) жиналды.

Биылғы жылы орташа есеппен - 470,0 мың тн. астық жиналды. Түсімділігі орташа 22,0 цн/га. құрап (1991 ж. 17,8 цн/га.), Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.

Осы жылдармен салыстырғанда мақтаның егіс көлемі өзгермегенімен, өнімділікті 27 цн/га. көтерудің, өндіріске жаңа технологияларды енгізудің арқасында ағымдағы жылы 277,0 мың тн. мақта жинау күтілуде немесе 64, мың.тн арттық. (1991 ж. 19,1 цн/га. 213 мың тн. өнім) .

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көлемін ұлғайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні жеміс-жидек пен жүзімнің көлемі 30,0 мың га. құрайды. Оның ішінде өнімділігі жоғары 2100 га интенсивті баулар. Ағымдағы жылы жеміс жидектің әр гектарынан 90,0 ц/га (125,0 мың тн), жүзімнен 107 цн/га (73,0 мың тн) жалпы 198,0 мың тн. өнім жинау күтілуде. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.  1991 жылы жеміс-жидек және жүзімнен 60,9 мың тн. өнім алынған болатын.

Көрсетіліп жатқан қолдауларды мақсатты пайдаланудың арқасында,  су шаруашылығы объектілерін қалпына келтіру, айналымнан шығып қалған жерлер қайта айналымға қосу, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға және егін, мал шаруашылығының дамуына орасан зор көңіл бөлінуде. 2009 ж. ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 103 мың га. суармалы жердің айналымнан шығып қалғаны анықталып, «Жол картасы» бағдарламсы аясында, 2009 ж. 44,0 мың га., 2010 ж. 33,0 мың га., 2011 ж. 26,0 мың га. жер айналымға қосылып, нәтежиесінде 14,0 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, қосымша жыл сайын 45,0 млрд. тг. өнімі  өндірілуде.

Сонымен қатар, 2012 – 2016 ж.ж. суармалы жерлердің көлемін ұлғайту іс-шарасы бойынша 90,0 мың га жерлер қайта айналымға қосылды.

              Орташа есеппен Республика бойынша өндірілген мақтаның -     100 %, жүзімнің - 65 %, бақшаның   - 66 %, мақсарының    - 40 %, жеміс-жидектің - 31 %, көкөністің - 24 % облыстың еншісінде.

 

              http://ontustik.gov.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи