Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын көлемі мен еңбек өнімділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен өндіріске интенсивті технологияларды ендіру.
Саланы мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген кредиттік/лизингтік бағдарламаларды іске асырудың арқасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жаңа ауыл шапуашылығы техникалары, құрал жабдықтар мен қондырғылармен қамтамасыз етілуде. 2009 – 2015 ж.ж. аралығының өзінде өңірімізге 3,5 мыңнан астам жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Оның ішінде шаруашылықтар өнімділігі жоғары «Джон дир», «Челенджер», «Сампо Лев», «Вектор» комбайндарына қызығушылықтары артуда.
Сонымен қатар, өңірімізде «KAZ KIOTI» ЖШС-нің Корея компанияларымен бірлескен «Daedong» маркалы ауыл шаруашылығы техникаларын шығару» зауыты іске қосылды. Зауытта жылына 1500 бірлікке дейін трактор шығарылады. 2017 ж. өнімдерді Кеден Одағы шығару жоспарлануда.
Соңғы бес жылдың ішінде тамшылатып суғару әдісін ендіру мен жылыжайлардың егіс алқаптары және жеміс-көкөніс сақтау қоймалардың көлемі ұлғайуда.
Атап айтар болсақ 2009 ж. облысымызда тамшылатып сауғару әдісі 2,1 мың га. ендірілген болса, Ағымдағы жылдың өткен 8 айына тамшылатып суғару әдісі ендірілген алқаптың жалпы көлемі 50,4 мың га. жетті (Республикалық көрсеткіштің 73 %).
Оставить комментарий