Жеміс-көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжайлардың маңызы зор

/uploads/thumbnail/20170709110404331_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлардың көлемі 2009 ж. 124 га. құраған болса, бүгінгі күнге бұл көрсеткіш 9 есеге артып, жалпы көлемі 1112 га. жетті (Республикалық көрсеткіштің  87%).

              Бүгінгі таңда жылыжайлар есебінен бірінші айналымнан 120 мың тн. өнім өндірілді, жыл соңына дейін тағы да 80,0 мың тн. өнім өндірілетін болады, жылыжайлардан алынған өнім арқылы облыс, Республика тұрғындарын қыс және ерте көктем мерзімдерінде сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізіліп отыр.

            Облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қол жетімді бағада жеміс - көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін, өңірде сиымдылығын 220,0 мың тн. жеміс-көкөніс сақтау қоймалары бар (Республикалық көрсеткіштің  5/1 бөлігі).

              Сонымен қатар, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясы 86,0 мың га енгізілді.

              Тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26 – 27 цн/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтар 40 – 45 цн/га. өнім алуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, алдағы уақытта бұл технологияны басқа дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылып отыр (дәнді дақыл, мал азықтық дақылдар, мақсары т.б.).

              Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірішілерінің біліктілігін артыру, ғылыми сүйемелдеу мақсатында «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС базасынан барлық аудан қалада «Агро Консультативтік Орталықтар» ашылды.

              Бұдан бөлек, жоғарғы оқу орындары, колледждермен келісімдер жасалып жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні шаруа қожалықтарының 30 %-ғана тиісті ауыл шаруашылығы мамандықтары болса, бұл көрсеткішті 2020 ж. дейін 80 % жеткізуді жоспарланып отыр.

 

http://ontustik.gov.kz/

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи