Мал шаруашылығы бойынша: 1991 ж. салыстырғанда ІҚМ саны 1,7 есеге (464,3 мың бастан – 778,4 мың басқа), жылқы саны 2,3 есеге (91,1 мың бастан – 207 мың басқа), түйе саны 23 % (17,8 мың бастан 21,9 мың басқа) артып отыр.
Ет өндіру (тірі салмақта) 1,8 есеге (107,8 мың тоннадан – 202,4 мың тоннаға), сүт өндіру 1,6 есеге (436,4 мың тоннадан – 710,6 мың тоннаға) артты.
Мал шаруашылығы бұрын соңды болмаған етті және сүтті бағыттағы ІҚМ жаңа тұқымдарымен толықтырылуда.
Асыл тұқымды ірі қара мал тұқымының құндылығын жоғарылату мақсатында, 2011-2015 жылдары облыстағы 6 ірі шаруашылық (Украинадан «Фирма Сакен» ЖШС 66 бас сүтті бағыттағы «Қара ала», Австралиядан «Ақсанат инжиниринг» ЖШС етті бағыттағы 293 бас «Ангус», 146 бас «Герефорд», «Береке» ШҚ етті бағыттағы 191 бас «Ангус», Ресей Федерациясынан ЖК «Мирсидиков» 80 бас сүтті-етті бағыттағы «Симменталь», Канададан «Алтын Дән» ЖШС 180 бас «Ангус», «Қазына жер» ЖШС сүтті бағыттағы 389 бас «Голштинфриз» тұқымдары жалпы саны 1 345 бас шет елдерден әкелініп облысқа жерсіндіріп дамытылуда.
Оңтүстіктің мақтанышы - «Ордабасы» атты асыл тұқымды қой түрі шығарылды. Бұл - оңтүстік ғалымдарының 21 жылдық еңбегінің жемісі, 2012 жылы патенттелді.
«Ордабасы» асыл тұқымды қой түрінің ерекшелігі төрт айлық қозының орташа салмағы 40 келі тартады. аналықтары - 70-90, ал қошқарларының салмағы шамамен 95-тен 120 келіге дейін жетеді. Ыстық пен суыққа төзімді, шөлге шыдамды, жер таңдамайды, жылдам жетіліп, тез қоңданады, жүні мен майы аз, еті мол. Бүгінде облыста 70 мың бас «Ордабасы» қойы бар. Негізінен, бұл қой тұқымының басын көбейтуді Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш, Отырар және Сайрам аудандарының шопандары мықтап қолға алған.
Оставить комментарий