Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы оң нәтижесін берді

/uploads/thumbnail/20170709110423907_small.jpg

         

  Мал шаруашылығы өнімінің қарқынды артуы негізінен өңірде           2014 ж. қабылданған «Мал шаруашылығын дамытудың «2014 – 2016 ж.ж. арналған іс-шаралар жоспарын»  жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілуде.

              Бағдарлама аясында 3 жыл ішінде 10 мың жобалар іске асырылып нәтижесінде: 8102 шағын мал бордақылау алаңдары, 1800 шағын отбасылық сүт фермалар, 104 сүт қабылдау бекеттері, сондай ақ 25 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. 

              Нәтижесінде, 9109 бірлік тұрақты жұмыс орындары ашылып, қосымша 34,5 мың тонна ет, 40,2 мың тонна сүт өндірілді.

              Бұл жобаларды іске асыру үшін 12,6 млрд. тг. көлемінде қаржы бағытталды.

              Олардың ішінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша      5,8 млрд.тг. жергілікті бюджеттен 6,8 млрд.тг. қаржы бөлінді.

              Бұл бағдарлама қосалқы үй шаруашылықтарын дамытуға, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтып, табысын арттыруға оңды ықпалын тигізіп отыр.

              Ағымдағы жыл соңына қосалқы үй шаруашылығын дамыту бойынша дейін 5 пилоттық кооператив ашу жоспарлануда, оған 818 отбасы мүше болып енгізіледі. Оның ішінде 600 отбасы шағын мал бордақылаумен, 93 отбасы жанұялық жылыжайлармен, 125 отбасы жеміс-көкөніс өнімдерімен айналысады.

              Сонымен қатар, бұл кооперативтердің құрамында 28 бірлік сүт қабылдау бекеттері, 8 бірлік мал сою алаңдары мен жем цехтары және өнімдерді тасу/өткізу бойынша тиісті техникаларымен қамтамасыз етіледі.

               Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы саласын шикі зат секторынан дайын өнім секторына бағыттау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи