«ҮИИД» мемлкеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығында тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеу саласында жалпы құны 18,7 млрд.тг құрайтын 38 инвестициялық жобалар іске асырылды. Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорындар бар. Олардың 27 ірі кәсіпорындар санатына жатады.
Сонымен қатар салада ірі жобалар іске асырылуда. Ағымдағы жылы жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд.тг құрайтын «Шымкент Май»ЖШС өндірісін артыру жобасы аяқталды.
«Ak Kazyna» ЖШС (18,7 млрд.тг) жылдық қуаттылғы 20,0 мың тн құс етін өндіру жобасын іске асыру жұмыстары басталды. «Ордабасы Құс» ЖШС-нің үндік етін өндіру қуаттылғын жылына 25,0 мың тн. жеткізу бойынша келісімге қол қойылды. Бүгінгі күні жобаның жылдық қуаттылғы 8,0 мың тн құрайды.
Жалпы құны 4,2 млрд.тг құрайтын биохимиялық тыңайтқыштар өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол жеткізіліп отыр. (ТОО «Lotus organik») .
Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші рет халықаралық стандарттарға сәйкес «Қайып ата» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 10,0 мың тн дейінгі ет өнімдерін өңдеу комбинаты іске қосылды.
КХР инвесторларының қатысуымен Түркістан қ. жалпы құны 5,7 млрд.тг құрайтын түйе сүтін өңдеу зауытының құрылысы басталды.
Сонымен қатар, Иран және Араб әмірлігі инвесторларының қатысуымен қуаттылығы 25,0 мың ІҚМ бордақылау және ет өңдеу зауыты жобасын іске асыру бойынша келісімге қол жеткізіліп отыр.
Инвестция көлемі 21,6 млрд.тг құрайтын көкөніс өнімдерін өңдеу зауыты жобасын шетел инвесторларымен бірлесіп іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Оставить комментарий