Қазіргі таңда облыстағы 21 кәсіпорын өздерінің өнімдерін тұрақты түрде экспортқа шығарып келеді. Оның ішінде Орта Азияда теңдесі жоқ «Ордабасы құс» ЖШС-нің «Үндік етін өндіру және қайта өңдеу жобасы». Аталған кәсіпорын 2010 ж. Елбасының қатысуымен тікелей теле - көпір режимінде іске қосылды. Кәсіпорынның жылдың қуаттылғы 10 мың тонна 50 түрлі ассортименті дайын өнім шығарады. Оның өнімдерінің 40 пайызы Еуразиялық одақ елдеріне экспортталуда. Қазіргі таңда кәсіпорын қуаттылығын жылына 20 мың тонна өнімге арттырып, Орталық Азия, Еуропа елдеріне, Ауғаныстандағы НАТО контингентіне экспорттауды көздеп отыр.
Астықты терең өңдеу және кондитерлік өнімдер шығару саласында «Барыс 2007» ЖШС, «Алтын дән» ЖШС, «Дани нан» ЖШС, «Атамекен» ЖШС, «MILLER & K» ЖШС, «Ақ нан» ЖШС, «Арай» ЖШС, «Рахат Шымкент» ЖШС секілді ірі және орта кәсіпорындар ашылды.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында құрылған «Шымкент май» ЖШС, «Арай» ЖШС секілді мекемелерде күнбағыс, мақта, мақсары, соя, қыша, зығыр, рапс дақылдарын терең өңдеу технологиясы игерілген.
Балық өнімдерін өндіретін «Хамит» өндірістік кооперативі балық филесін, консервіленген балық өнімдерін шығаруда.
Аталған кәсіпорындар өз өнімдерін Орталық Азия елдері мен Германия, Грузия, Ресей, Украина, елдеріне экспорттауда.
Сонымен қатар, өңірімізде өсірілетін бау-бақша, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері Латвия, Литва, Германия, Эстония, секілді бірқатар Еуропа елдеріне, сонымен қатар Ресей, Грузияға экспортқа шығарылуда.
Оның ішінде өндірістік жылыжайлар «Аделья» шаруа қожалығы (16 га), «КазАгроном» ЖШС (3 га), «Ифтикари» шаруа қожалығы (2 га) жылыжай шаруашылықтарын дамытуға қарқынды үлесі қосуда.
Соңғы жылдары өңірімізде интенсивті бау және жүзім шаруашылықтарын дамытудың арқасында импорт көлемін 40 % дейін төмендетуге қол жеткізілді. Бүгінгі күні интенсивті баудың көлемі 2100 га. құрайды.
Облыстағы ет өндіру саласы қарқынды дамуда. «Қайып ата» ЖШС, «Ет-Агро Манкент» өндірістік кооперативтерінде шығарылған ет өнімдері Өзбекістан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктеріне және ІҚМ терілері Қытайға экспортталады.
Қазіргі таңда, қой етін Иран, Ирак, Сауд Аравия елдеріне экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Оставить комментарий