«Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заң нәтижесін беруде

/uploads/thumbnail/20170709110450121_small.jpg

 

              Оңтүстік Қазақстан облысы географикалық тұрғыдан тиімді жерде орналасқан. Осы тиімділікті пайдалана отырып, облыстың басты мақсатының бірі транспорттық логистикалық әлеуетін дамыту болып табылады.

              Транспорттық-логистикалық орталықтардың құрылысы 60% нарықтық қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

              Транспорттық-логистикалық орталықтарында географикалық орналасуы аудандардың дәстүрлі қалыптасқан кәсіпкерлер қызметіне және мамандандырылуына байланысты анықталды.

              Шымкент ТЛО қаланы ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге және экспортқа бағытталады.

              Түркістан ТЛО Қазақстанның батыс аймақтарын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталады.

              Мақтарал ТЛО бақша, көкөніс және жеміс өнімдерін кеден одағы мемлекеттерге экспорттауға бағытталады.

              Түлкібас ауданындағы ТЛО негізінен алмаларды сақтау, қаптау және қайта өңдеу жұмыстарына ұйымдастыруға бағытталады.

              Аталмыш жобалар жүзеге асырылған жағдайда облыс тауар өндірушілерді Кеден одағы, Европа және алыс шетел мемлекеттер нарығына шағаруға мүмкіндік тудырып, жергілікті тауар өндірушілерге көтерме сауда алаңы құрылуға және транспорт ағынын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

              Бүгінгі таңда, Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

              Кооперативтерге бірігудің тиімділігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізудегі барлық іс-шараларды мерзімінде жүргізіп, өнім көлемін еселеп арттыруға мүмкіндік береді.

               Бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен табыс көлемін арттыруға тікелей әсер ететіндігі сөзсіз.

              Бүгінгі күні жаңадан 8,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 81 кооперативтер құрылды. 2016 – 2017 ж.ж. барлық ауылдық округтерде кооперативтерді құру жоспарланып отыр.

http://ontustik.gov.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи