Биылғы жылдың 6 айында ауыл шаруашылық саласында 9 млрд 366 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың тиісте кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады.
2016 жылдың 6 айында алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығында өсім 3,1 пайызды құрады.
Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 6 айында нақты 1036 (тапсырма 850) басаналық және 46 (тапсырма 39) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма 121,9 пайызға орындалды.
«Құлан» бағдарламасы 44 пайызға (тапсырма 250 бас асыл тұқымды жылқы, нақты 110 асыл тұқымды жылқы);
«Алтын асық» бағдарламасы 153,9 пайызға (тапсырма 1600 бас асыл тұқымды қой, нақты 2 463 асыл тұқым қой) орындалды.
Ауданнан 2016 жылы 36 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосу тапсырылып, 32 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосылды.
Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру бағытында ағымдағы жылы жоспарланған 7 348 бас ірі қара малдың 7 369 басы қолдан ұрықтандырылып, тапсырма 100,3 пайызға орындалды.
Ауданда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 193 682 га құрайды (егістік жер көлемі 91 146 га, оның 40 587 га жері тәлімі, 33 300 га суармалы, жайылым 101 107 га, көпжылдық қондырғылар 1 429 га, тыңайған жер көлемі 17 559 га).
2016 жылға жаңа техника алу тапсырмасы 89,1 пайызға орындалып отыр (тапсырма 55 жаңа техника, нақты 49 ауылшаруашылық техникасы алынған).
Оставить комментарий