Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар сүт ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіпті, жергілікті балабақшалар мен мектеп балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
«Отырар сүт ет» СТК-сының құрылғанына небәрі 3 жыл. Кәсіпорында бүгінде күніне 1500 литр сүт пен 1000 литр айран өндіріледі. Ал, шұбаттың тәуліктік шығарылымы екі мың литрге жуықтайды. Сақталу мерзіміне қарай Астана мен Алматы қалаларына жөнелтілуде. Негізгі тұтынушылар – жергілікті тұрғындар.
«Отырар сүт ет» кооперативі сүттің майлылығын сақтай отырып, өнім дайындайтындықтан, әсіресе, шұбаттың сақталу мерзімі ұзақ емес. Енді ұжым жаңа инновация желісімен ұнтақталған шұбат өндіруді жоспарлап отыр. Түйе сүті ағзаға өте пайдалы болғандықтан, өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары,-дейді мамандар.
«Маяқұм шұбаты». Аты айтып тұрғандай, шикі өнім осы жердегі 70-ке жуық шаруадан алынады. Кейбір қоспалар мен қажетті құрылғылар Ресейден әкелінеді. Серіктестік жуырда «Максимум» қаржы ұйымынан 100 миллион теңге несие алды. Қаражат арнайы мал бордақылау орындарын ашып, ұнтақталған түйе сүтін өндіретін құрылғыларға жұмсалды. Қазір бұл іс төңірегінде 50-ге тарта жергілікті азамат тер төгіп жүр.
Бақтияр Асылханұлы, «Отырар-сүт-ет» СТК-ның төрағасы
Етті вакуумдап өңдеп, түйе сүтін құрғақтай экспортқа шығаруға дайындалып жатырмыз. Өйткені, қазір түйе сүтін біз 36-ақ тәулік сақтаймыз. Ал, құрғақ түрінде оны 1 жылға дейін сақтауға болады. Сол себепті де біз осы жұмыстарды қолға алып отырмыз. Мемлекеттен үлкен көлемде қаржы алғанбыз. Ісімізді сөйтіп бастағанбыз. Міне, жұмысымыз жанданып отыр.
Оставить комментарий