Отырардың өнімдерін ресейліктер тасымалдауда

/uploads/thumbnail/20170709110730942_small.jpg

 

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі  «Отырар-Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативі мен  «Отырар Агро өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысып, диқандармен кездесті деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда кооператив құрамына жергілікті «Серікбай-Б», «Мейірбек ЛТД», «Үсенов-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді. "Агробизнес - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында өрісін кеңейтіп отырған кооператив биыл 190 гектар алқапқа «Жиенбай» сортты қауын, 130 гектарына жоңышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен. Ал былтыр «Отырар Агро өнімдері» ЖШС 400 га жерге тамшылатып суару әдісімен жүгері дақылын егіп, гектарына 110 центнерден өнім алған болатын. Сонымен қатар 3 га жылыжай салу, 1200 га жерге тамшылатып суару әдісін енгізу, 32 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу, 9 дана терең қопсыту құралдары сатып алынып, 2900 га жер айдау жоспарлары толық орындалды.

Тың технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтың өнімдеріне сұраныс жоғары болып отыр. Бүгінде Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер өздері тасымалдап әкетуде.  Бұл – шаруалардың төккен тері мен еңбегінің жемісі.

Ал, Балтакөлдегі диқандар ғылымға негізделген, соңғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз еккен болатын. Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алуда. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша «Отырар қойма» ЖШС-нің қоймасында сақталады. Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күздік пияз егіліп бітті.

Аудан басшысы диқандардың өнімді еңбегіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. 

http://rgmedia.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи