Ауыл шаруашылығын дамытып ауылды көркейтеміз

/uploads/thumbnail/20170709110902556_small.jpg

 

Еліміздегі жылыжайлардың тең жартысына жуығы Сарыағаш ауданында екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сондықтан, Сарығаштың көкөнiс өндiретін нағыз «фабрикаға» айнала алатын мүмкіндігі мол. Шардара, Отырар аудандары және Арыс, Түркістан қалаларында сұранысқа ие жүгері егу және оны өндеу жұмыстары қолға алынуда. Ал Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығы дамыса, Түркістан индустриялық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Таяуда Түркістан қаласының әкімі зауытты салуға ниетті шетелдік инвестормен келісімшарт жасалып, жұмыстар басталғанын хабарлады. Мұнан бөлек, Түркістан, Арыс, Отырар, Созақта түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.Біз білетін облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласындағы оң бастамалары бар. Мұнан өзге сан салада болып жатқан оң өзгерістер көп. Биылдың өзінде 24 шетелмен барыс-келіс орнатылып, облысқа оңтүстік тарихында болмаған инвестиция тартылғанын айтуға тиіспіз. Жеті жүзден астам шетелдің ірі кәсіпкері құны 2 миллиард долларды құрайтын жобаларды жүзеге асыруға ынта білдіргенінің өзі үлкен жетістік, тындырымды тірлік. Бұл істе облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары кәсіпкерлерді ертіп, құрлықтың сан тарабына арнайы барып, дамыған елдермен тәжірибе алмасып, олармен келіссөздер жүргізе алатын дәрежеге жетті. Бүгінде сол алыс-беріс, барыс-келіс өз нәтижесін беріп, облыста 24 жоба тыңнан жүзеге асырылуда. Өңіріміздің ірі кәсіпкерлері әлемге танымал алпауыт бренд иелерімен бірігіп кәсіптік қарым-қатынас жасау­да. Дағдарыс деп дүрлігіп, дамыған елдердің өздері де не істерлерін білмей далақтап қалғанда бұл үлкен табыс болып саналады.

Күні кеше ғана Оңтүстікте «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 игі іс» айлық шарасы қолға алынды. «Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралар желтоқсан айына дейін жалғасады.

Облыста қолға алынған жұмыс­тар­дың барлығы да халықтың жағ­дайын жақсарту үшін жасалуда. Эконо­микамыздың локомотиві саналатын аграрлық өндірісті өркендетсек, Мем­лекет басшысы айтқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында «Ауылдағы жұмыс орны» жаңа жобасы толық жүзеге асады. Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, азаматтарымыз тұрақты табыстарға қол жеткізсе, елдің әлеуеті артады.

Қанатбек ДОСАЛИЕВ, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

http://auyl.kz/

Оставить комментарий

Связанные Статьи