Биылғы жылы мақта терім жылдағыдан ертелеу басталды. Қыркүйектің басынан бері мақта өсірушілер бағалы шикізатты негізінен қолмен теруде. Әрине, терім машиналарымен мақта жинау басталып жатыр. Бірақ, әлі толық қарқынды емес.
Бұған себеп мақта алқаптарында дефолация жасалғанмен машинамен теруге әлі толық дайын емес. Бүгінгі таңда 33149 гектар қоза алқабы дефолациядан өтсе, 21000 гектар қозалықта 136 ОБХ техникасы жұмыс істеуде. Бүгінгі жұмаға дейін 5349 гекгар қол терімнен өтсе, тоғыз ауыл өкімшілігінде 1840 гекгар мақта алқабын терім машинамен теріп, қабылдау пункттеріне аудан бойынша 11759 тонна мақта тапсырылды. Яғни, қазіргі уақытта гектарына орташа 19 центнерден өнім түсуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Махамбетовтің берген мәліметі бойынша бұгінде аудан бойынша 240 терім машинасы терімге дайын тұр. Биылғы жылы 83042 гекгар алқапқа “ақ алтын” егілген болса, оның 54617 гектары болат бункерлі машинамен, 28425 гекгар алқап қол теріммен теріледі деп күтілуде. Жалпы орташа 24 центнерден өнім жиналады деген болжам бар. Жалпы мақта терімнің 65 пайызы осы терім машиналарымен жиналмақ. Диқандар үшін ең жақсы жаңалық - кешегі бейсенбі күннен бері аудандағы барлық мақта зауыттары әр тонна “ақ алтынды” 146 мың теңгеден қабылдауда.
А.ТАСТАНБЕКОВ. «Мақтаарал» газеті
Оставить комментарий