Мақта өнімін жинап алу ү ш ін , қозаның жапырағын дер кезінде сапалы әрі біркелкі түсіре алатын қажетті дефолианттарды тиімді қолданып, қысқа уақыт ішінде өнімді шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алу керек. Дефолиация жұмысын мақта қозасында 13-15 өнім бұтақтары және жалпы көсекгердің 3-4 көсегі ашылған кезде жүргізіледі. Препараттың ең жоғары тиімділігі +17 оС-дан 33 оС-ға дейін температура ауқымында қол жеткізіледі, ал ауа температурасы +17 оС градустан төмендесе, жапырақтардың түсуін баяулатады, сондықтан да ауа температурасы тым төмендеп кетпей тұрғанда кірісу керек. Жапырағы тұскен соң қозаның көсектері алғашқы кұндерден-ақ әдеттегіден 2 есе жылдам ашыла бастайды.
Олардың негізгі бөлігі дефолиант қолданбаған егіске қарағанда 10-15 күн бұрын ашылып бітеді. Себебі, жапырағынан арылған өсімдікке күн молынан т ү с іп , көсегі де, топырағы да жақсы қызады, қозалықтағы ауа да жылырақ әрі құрғағырақ болады. Кү н дізгі уақытта, жапырақсыз қоза алқабындағы ауаның температурасы жапырақты қоза алқабына қарағанда 2,5-5,0 градусқа жоғары, ал ылғалдылығы 10-13 пайызға төмендейді және де терілетін шитті мақтаны гектарына 3-4 центнерге дейін арттырады. Сонымен бірге, мақта алқаптарына машинамен теру кезінде мақтаның ластануы мен ылғалдығын 2,0-2,5%-ға төмендейді. Қозаны тым ерте, алғашқы, қауашақтары әлі ашылмаған кезде дефолиациялау, өнімнің азаюына жөне мақта талшығы сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мақта қозасы жапырақтарын көктей тұсіруші жұмсақ жөне тез әсер етуші Август фирмасының Авгурон және Авгурон-экстра препараттарының тиімділігі жоғары. Авгурон гектарына 0,2-0,4 л/га және Авгурон-экстра-0,2 л/га мөлшерлері, мақта жапырағының түсуіне және көсектерінің ашылуына жоғары тиімділік танытады. Бұл препараттар жапырақтардың 90 пайызға дейін түсуін жөне көсектердің тез ашылуын қамтамасыз жасайды. Суды қолдану мөлшері 200 л/га.
Ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығында Дропп-ультра және Магний хлораты өндірістегі шаруа қожалықтарында қолданып келуде. Дропп-ультра препараты гектарына 0,7 л/га қолдану мөлшері, 83-85% жапырақтардың түсуіне әсер етеді. Ал Магний хлораты мақта қозасына қатты әсер етуші препараттар қатарына жатады, оның гектарына 12,0 кг/га мөлшері 75% жапырақ түсуіне әсер етеді. Мақта қозасы өзінің дамуы бойынша артта қалып, ашылмаған көсектері көп бар болған жағдайда және күзгі жауын-шашын ерте жауған кезде мақта қозасы жапырақтарына десикация жүргізіледі, онда қолдану мөлшері екі есеге дейін артады.
И.ҮМБЕТАЕВ, «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-і бас директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы
Т.ЖАСҰЗАҚҰЛЫ
«Мақтаарал» газеті, №41 2016