Ныю-Йоркте өткен концерт кезінде құлағы қанаған америкалық әнші Бейонсенің табынушылары әртіске деген құрметтерін көрсетіп, қанды флешмоб ұйымдастырған,- деп хабарлайды Qamshy.kz.
Өз кумирлерінің жалғыз емес екенін көрсету үшін құлақтарын кесіп, әлеуметтік желіге суреттерін жариялай бастаған. Twitter-де #CutForBeyonce және #BleedForBeyonce деген хэштегпен суреттер шыққан.
Әлеуметтік желінің қолданушысының бірі «Оның рухани күшін қайта қалпына келтіру үшін бірігіп, қан төгулері керек екенін айтты». Акцияға қарсы шығушыларда болды. Көптеген блогерлер жанкүйерлерге бұл әрекеттен бас тартуға кеңес берді.
Бейонсе Haunted әнін орындап тұрып, құлақ сырғалығын жарақаттап алған. Құлағы қанағанына қарамастан әншінің өз нөмірін орындап шыққаны көрермендерді қаты таң қалдырған.
Оставить комментарий