Алматыда Хичкоктың дыбыссыз кино апталығы өтуде

/uploads/thumbnail/20170708152455886_small.jpg

21 мамырдан 25 мамырға дейінгі аралықта Алматыда British Council-дің  (Британдық Кеңес) ұйымдастыруымен және Британдық Кино институтының (BFI), Қазақстандағы «Шелл» компаниясының, Алматы қаласы әкімдігінің, Арман кино-орталығының және «Эйр Астана» компаниясының қолдау көрсетуімен Хичкоктың дыбыссыз кино апталығы өтуде. Апталықта  BFI мұрағатынан қалпына келтірілген және британдық кинематографияның ең зор жетістіктерінің бірі ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енген «Хичкок 9» жобасының тоғыз фильмінің алтауы ұсынылатын болады.

Хичкоктың дыбыссыз кино апталығы британдық дирижер Кристофер Остиннің жетекшілігіндегі «Қазақстан Камераты» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен  көрсетілген Pleasure Garden («Ләззат бағы») фильмінен басталды. Оркестр осы фильм үшін сазгер Дэниэл Патрик Коэнның арнайы жазған музыкасын орындады. Сондай-ақ, Дэниэл Патрик Коэн Апталықтың ашылуына қатысты.

«Хичкок 9» жобасы кемеңгер режиссердің фильмдерімен жұмыс жасауға берген мүмкіндігімен менің сазгер ретіндегі үлкен қызығушылығымды тудырды, осы ретте музыканы жазу кезінде көркемөнер бағытын таңдауда мен толықтай еркін болдым. «Ләззат бағына» арнап композиция жазған кезде, мен Стравинский және Мессианның туындылары,  Майлз Дэвистің джазы және Куртис Мэйфилдтің соулы, Beastie Boys рэбі мен ди-джей Shadow секілді өнердің көптеген бұлақтарынан шабыт алдым. Мен осы жұмыс үшін   BFI-ға және «Хичкок 9»  жобасын түрлі елдерде, оның ішінде Қазақстанда көрсетуге мүмкіндік бергені үшін жеке British Council ұйымына үлкен алғысымды білдіремін», - деді ашылу салтанатында Дэниэл Патрик Коэн.

«Хичкоктың дыбыссыз кино апталығы  British Council-дің Қазақстандағы 20 жылдық қызметін тойлау және Қазақстан мен Ұлыбритания арасында мәдени қатынастарды орнату шеңберінде өтуде. Өнер арқылы елдеріміздің арасында өзара түсіністікті нығайту  British Council-дің негізгі қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Осы жобаның арқасында біз Алматының тұрғындарына әйгілі британдық режиссердің сирек жұмыстарын тамашалау мүмкіндігін ұсынып, сонымен бірге осы іс-шара үшін музыкалық сүйемемелдеу бойынша бірлескен жұмысты жүргізу және тәжірибе алмасу арқылы Қазақстан мен Ұлыбритания музыканттарының басын біріктіруге мүмкіндік алдық», - деп атап өтті Қазақстандағы British Council директоры  Саймон Уильямс.

Барлық фильмдер қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі субтитрлермен көрсетіледі. «Шампан» фильмі қазақстандық ди-джей  Aero-ның музыкалық суырып салма әуенімен сүйемелденетін болады. «Мэн аралынан шыққан адам», «Фермердің әйелі» және «Бопсалау» фильмдері британдық пианиношы Джон Суинидің музыкалық сүйемелдеуімен көрсетілмек. Фильмдердің көрсетілімі «Цезарь» және «Арман» кинотеатрларында өтеді.

Сондай-ақ, Хичкоктың дыбыссыз кино апталығы шеңберінде Дэниэл Патрик Коэн, Кристофер Остин және Джон Суини студенттер мен кәсіби музыканттарға арнап шеберлік сыныптарын өткізеді. Шеберлік сыныптары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қолдау көрсетуімен ұйымдастырылып отыр.

Альфред Хичкоктің тоғыз дыбыссыз фильмін қалпына келтіру мақсатында BFI-дің Ұлттық мұрағаты ұйымдастырған «Хичкок 9» жобасы қалпына келтіру ісі бойынша қазіргі күнгі ең ірі әрі ең қиын жоба болып табылады. 1925 жылдан бастап 1929 жылға дейінгі аралықта түсірілген бұл фильмдер шебер режиссердің кейінгі жұмыстарының негізін қалаған. Хичкоктың дыбыссыз фильмдері ұлы режиссердің кейінірек түсірілген шығармаларын түсіну үшін үлкен мәнге ие және бұл жоба бүкіл әлем көрермендеріне режиссердің туындыларын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи