ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚҚА ҚОЛ ҚОЯР АЛДЫНДАҒЫ БІР ОЙ
Қайран Қазақ, Ел басына күн туған кезеңдерде Дұшпандарын пышақсыз сойған Қазақ. Ал бүгінде жеке бас жақсылығын Жұрттан сонша жоғары қойған Қазақ. Абай айтқан сындарды елеместен Алақанын Путинге жайған Қазақ. Рахатын басқалар көріп жатқан Мұнай менен газына «тойған» Қазақ. Ақордаға қарсылық білдіргенді Өз қолымен қолпаштап, жойған Қазақ. Оппозиция, биліктен түңілген соң Жаза ма екен бір балаң жайдан Қазақ? Украина сабағын ала алмасаң Күтіп тұр ма алдыңда Майдан Қазақ? Кедейлерді менсінбей дәурен құрған Табасың ба шындықты байдан Қазақ? Тәуелсіздік тірелді тығырыққа – Бабалардай батыр боп сайлан, Қазақ! Қайран қазақ, Ойлан қазақ!
Оставить комментарий