Мәжіліс Ресей және Қытаймен арадағы келісімдердерді ратификациялауды қолға алды

/uploads/thumbnail/20170708152456224_small.jpg

  Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа ал, деп хабарлады Парламенттің баспасөз хатшылығы. 

Жалпы отырыста Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Келісімнің тараптардың өз аумағында Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану мәселелерін регламенттейтінін хабарлады.

Сонымен  қатар,  Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»  заң жобасын жұмысқа алды. Жалпы отырыста сөз алған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасыМәулен Әшімбаев Келісімнің негізгі мақсаты – ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау үшін жағдай жасау екендігін мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи