ЭКСПО-2017 аясында іс-шаралар өтуде

/uploads/thumbnail/20170708152456610_small.jpg

   2014 жылдың 21-23 мамыры күні VII Астаналық экономикалық форумы аясында ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша бірқатар іс-шаралар өтеді, деп  мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»  баспасөз хатшылығы. 

21 мамыр күні сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Экономикалық ықпалдастық және «жасыл технологиялар»: жастардың үлесі» атты III Дүниежүзілік экономикалық форум өтеді. Сол күні сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселелеріне арналған бірқатар сессиялар өтеді.

Пікірталас барысында ЭКСПО көрмесінің ел мен өңірлердің индустриалды-инновациялық дамуына және мемлекет экономикасының дамуына, көрмені өткізгенге дейін және кейін туындайтын бизнес пен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктерге, сонымен қатар өңірлердің инфрақұрылымының дамуына үлесі талқыланады.

ЭКСПО-2017 сессиясына шақырылған қонақтардың ішінде әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлер, жетекші сарапшылар және энергетикалық сала ғалымдары. Спикерлер ретінде Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысының кеңесшілері Иван Простаков пен Анка Корина Анхель (Anca Corina Anghel); 2006 жылғы физикадан Нобель лауреаты Джордж Фицджеральд Смут үшінші (George Fitzgerald Smoot III); ЭКСПО-2008 Сарагоса Комиссар кеңсенің Бас директоры Эдуардо Лопес Бускетс (Eduardo López Busquets); «Барлығына арналған тұрақты энергетика» бастамасы үшін БҰҰ Қорының арнайы кеңесшісі Серж Мартин (Serge Martin); AES және EPTISA Engineering компанияларының өкілдері баяндама жасайды. Қазақстандық тарапты ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев; «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев; ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева; ««Жасыл» экономика және G-Global дамуы үшін» Коалиция Басқармасының төрағасы Салтанат Рахимбекова және басқалары ұсынады.

 «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы, Талғат Ермегияевтің айтуы бойынша Астаналық экономикалық форум ұсынатын пікірталас алаңының деңгейі өте жоғары. «Осы сессиялардың нәтижелері бойынша біз сарапшылар мен бизнес өкілдердің пікірін еститінімізге сенімдіміз және осының барлығын Астана қ. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау кезінде ескереміз».

            Бұдан басқа, VII Астаналық экономикалық форумның аясында «Астаналық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы, ««Жасыл» экономика және G-Global дамуы үшін» Коалициясы және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы арасында меморандумға қол қойылған. Тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға өз күштерін біріктіруге келісті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи