Арман Сқабылұлы: Ойланып сөйлеңіз, Мәдина!

/uploads/thumbnail/20170708152456942_small.jpg

      Экономика және бюджетті жоспарлау вице - министрі Мәдина Әбілкасымова оралмандардың 76 пайызының жоғары білімі жоқ, көпшілігі мүлдем сауатсыз, сондықтан Қазақстанның еңбек нарығы біліксіз мамандармен толығып жатыр деді. "Таяқтың бір ұшы" өздеріне тиетінін білмейтін, бұл неғылған вице-министр? Ойланбай сөйлеген деген осы! "Көші қон туралы" Заңға 2006 жылы енгізілген өзгеріске сәйкес елге оралып жатқан қандастарымыз алдымен Бейімдеу (адаптация)орталықтарында түрлі процедуралардан өтуі тиіс. Оның ішінде оларды қажетті кәсіптерге бейімдеу, қайта оқыту да бар . Және де мұның барлығы тегін жүргізілуі керек. Қазіргі жағдайда Мәдина ханымның министрлігі әсіресе солтүстік облыстарға аса қажетті мамандықтарға мониторинг жасап, оралмандарды соған дайындауға қаржы бөлуi тиіс. Мәдина ханым Израильге, Германияға, Грецияға көшіп барған мигранттардын барлығы бірдей білімді болмағанын біліп алғаны жөн. Олар сол елдердегі Бейімдеу орталықтарынан қажетті кәсіпті игеріп шықты. Ал, біздегі Бейімдеу орталықтарының аты бар да заты жоқ. Осынша жылда қанша оралманды жаңа кәсіпке дайындағандарын, оған қанша қаржы кеткенін вице-министрден менің де білгім келеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи