Мұхтар Шерім. Албасты махаббат

/uploads/thumbnail/20170708152506216_small.jpg

    Біз баяғыда өртенетінбіз... Махаббат отына... Қазіргі жастардың махаббат оты «китайский» ме, тез тұтанады да, тез өшіп қалады... Біз баяғыда қыздардың қолдарын ұстауға ұялатынбыз... «Мүмкін, қолы протез шығар?» деп ойлағандықтан емес... Қазір жастар бір-бірінің қолын ұстағаны былай тұрсын, жігіті қыздың балтырын сипалайды көшеде... Біз баяғыда қызымыздың қызыл шие ернінен сүйіп алсақ... Ия сібетті өшіріп қойып... «Өлә-ә-ә, не боп кетті өзі?» деп ертеңіне дейін есеңгіреп жүретінбіз... Оны айтасыз, достарымызға жыр ғып айтып, сықылықтап күлетінбіз... Қазір қыздар сағыз шайнап тұрып сүйісе береді... «Махаббат шырынын» ішіп тұрғандай... 10246653_636773443077075_2610201095214027366_nБіз баяғыда көздерімізбен ұғысатынбыз... Көз—махаббат дүрбісі... Мен де бір қызға өлердей ғашықпын! Бір-бірімізбен тек көзбен ұғысамыз... Кездесуге жыл сайын шығамыз! Менің сол қызбен жүргеніме отыз екі жыл болыпты! «Адналюбпін» ғой! Отыз екі жыл бір бірімізге «ғашықтың тілі— мақау тіл» дегендей, кездесеміз де, мөлиіп қайтып кетеміз. Ұят тірліктерге, жаман әдеттерге бармаймыз... Қазір ғой, жастар тар төсекте кездеседі де, қыз «екі этаж» болып қалғанда, туылған нәрестесін қоқысқа тастай салады... Қатыгездер... Ұяттан жұрдайлар... Кеше «сібідәниеге» шыққанымызда қы¬зы¬ма айттым, «енді кездесуді қоялық, махаббаттан» ұят дедім. Өйткені, мен жақында елуге толдым, «қызымның» жасы қырық сегізде... Алғашқы махаббат жүректі тербейді, бірақ бақыт құсы болып келмейді... Алғашқы махаббатың ұза-а-ақ жылдарға созылып кетсе, албасты махаббатқа айналып кетеді екен! Ол күйеуіне, мен әйеліме кеттім, хош, хош, «топырағың торқа» болсын, албасты махаббат!

Оставить комментарий

Связанные Статьи