Абайтанушы, бауыржантанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы «Алматы» арнасы «Өткір тіл» бағдарламасына қонақ болып, онда елдегі діни ахуалға қатысты ойларын білдіреді. Ғалым жастардың санасын улап, қоғамда алауыздық туғызған уаххабизм-салафизм ағымының Қазақстандағы белді өкілі ретінде ақын Мұхамеджан Тазабектің есімін атайды. Сондай-ақ, салафизмге қолдау көрсетіп отырған ықпалды тұлғалардың қауіпсіздік органдарында, парламентте де барын айтады.
Оставить комментарий