Күйеуі Бақытбек Есентаевтың 9 жылға бас бостандығынан айырылғанына қатысты Баян Есентаева инстаграм парақшасында өз пікірін білдірді,- деп хабарлайды Qamshy.kz.
Продюсер онда былай деп жазған: «Мен оны кешірдім,заң жоқ. Өмір осылай, біздің және балаларымыздың тағдыры осылай болды. Болған оқиға үшін менің жаным адам төзгісіз жағдайда ауырады, бір-бірімізді түсіне алмағанымыз үшін, балалардың көз жасы үшін, ойланбай жасаған шешімдір үшін. Мен сынға , қоғамның пікіріне үйреніп кеткелі қашан, әрдайым қарсы тарап болады, ешкім өз өмірін болжай алмайды, бәріміз де пендеміз, әрқайсысымыздың қателесуге қақымыз бар.
Мен өмірімде болған бұл оқиғаның дұрыс-бұрыстығын білмеймін, мұны тек уақыт көрсетеді. Жүректің ақылға бағынбайтын кезі болады, менің басымда да осындай жағдай. Әрқайсысымыз өз жазамызды алдық. Заң бәріне бірдей. 22 жыл бірге тұрған өмірімізде, оның жақсы әке екенін сенімді түрде айта аламын. Әрине балаларды жалғыз тәрбиелеу маған қиын болады, бірақ мен бәріне шыдаймын, бәріне төземін! Мен ешқашан өзіме құрбан адамның рөлін алған емеспін,ол менің оқиғам емес. Менің және менің бұрынғы жарымның оқиғасы аяқталмағанына сенімдімін, ол өте мықты адам, мен оған денсаулық пен күш-қайрат тілеймін, алда жақсы өмірге деген үміт бар. Мен айтарымды айттым, осы мәселеге байланысты БАҚ өкілдерінің енді мені мазаламауын өтінемін!»
Оставить комментарий