Ауғанстандағы Германия консулдығына шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170709151538624_small.jpg

Мазари-Шариф қаласындағы Германия консулдығына талибтер шабуыл жасады. Нәтижесінде 4 Ауғанстан азаматы қаза тауып,  119 жараланды. Шабуылдан консулдық ғимаратына зақым келген. Бұл туралы Корреспондент.net хабарлайды.

Германияның Сыртық Істер министрлігі «Твиттердегі» парақшасында «Германияның Мазари-Шарифтегі консулдығына шабуыл тоқтатылды» деп мәлімдеді.

 

Ақпараттарға қарағанда, талибтер американ әскерінің Кундуз аймағындағы операциясына жауап беру мақсатында неміс консулдығына шабуылдаған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи