Танымал журналист Ирина Советжанқызы өзінің Инстаграм парақшасында "Аш-жалаңаш деген осы шығар" атты видеомен бөлісті. Видеодан белгілі болғандай, Алматыдағы сауда үйлерінің бірі жалаңаш кіргендерге 5 мың теңге көлеміндегі азық-түлікті тегін береміз деген шарт қойған. Видеодан біраз жұрттың жалаңаш жүргені көрінеді.
Оқиғаның қашан болғаны белгісіз. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудыруда.