Facebook әлеуметтік желісінде қолына пышақ алып, қойды бақайдан асып қойып сойып жатқан қыз «жұлдыз» болды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Қойдың терісін жұдырықтап сыдырып жатқан бойжеткенді әркім әр түрлі бағалап жатыр. Біреулер егер қойды қыз бауыздаған болса еті жеуге харам десе, біреулер оның қайсарлығына тәнті болып жатыр.