Джеки Чан «Оскар» сыйлығын иеленді (Фото)

/uploads/thumbnail/20170709153202889_small.jpg

62 жастағы барша әлемге танымал актер Джеки Чан кинематографиядағы ерен еңбегі   үшін "Оскар" сыйлығын иеленді. Бұл туралы  Qamshy.kz порталы хабарлайды.

Марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте 12 қараша күні өтті. Джеки  Чанға "Оскар" берілетіні қыркүйек айында белгілі болған. 

 «Бұл - арман. Киноиндустриядағы 50 жыл, 200 фильм мен көптеген сынған сүйектерден кейін, ақыры оған қолым жетті. Голливуд, рақмет. Көп жылдар ішінде сен мені көптеген дүниеге үйретіп, сәл танымал еттің. Бүкіл әлем бойынша табынушыларым маған фильм түсіруді жалғастыруға, терезеден секіріп, сүйегімді сындыруға күш береді», — дейді актер марапаттау кезінде. Бұл туралы NTV.Ru жазды.

Чан алғаш рет "Оскарды" 23 жыл бұрын Сталлонеге қонаққа барғанда қолына ұстап көргенін есіне алды.

"Мен ұстап көрдім, сүйдім, иіскеп көрдім. Ондағы саусақ іздерім әлі қалғанына сенімдімін. Сол кезде оның менде де болғанын қатты қалайтынымды түсіндім", - дейді актер.

Оставить комментарий

Связанные Статьи