Рамазан Стамғазиев: Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек

/uploads/thumbnail/20170709155307306_small.jpg

Қарашаның 18 күні Алматы қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Ел тәуелсіздігі мен «Қазақ көшінің» 25 жылдығына орай «Көш және Көшбасшы» мерекелік концерті өтеді. Осы кеште ҚР Еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев өнер көрсетпек.  Аталған кеш туралы Рамазан Өмірәліұлының шағын сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.


— Рамазан аға, алдағы жұма тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, атажұртқа миллион қазақты қосқан 25 жылдыққа арналған үлкен мерекелік кеш өткелі  жатыр. Осы кештің маңыздылығы жайлы өзіңіздің пікіріңізді білсек деп едік?  

— Бұл ел тарихында аты алтын әріппен жазылатын үлкен мерейлі той.  Егемендікке қол жеткізген шағымызда тағдырдың қатал жазуымен кезінде шекара асып кеткен қандастарымызға құшағымызды аштық. Туған жерін аңсап өткен бабалардың ұрпағы ата аманатын арқалап қазақ жеріне түтін түтетуге келді. Қандастарымызбен бірге қазақ жеріне салт-дәстүр, ұлттық салт-сана, ұлттық бітім-болмыс та оралды. Сондықтан бұл мерейтой қазақтың рухани жаңаруының тойы деп қабылдасақ қателеспеспіз.

 "Көш және көшбасшы" мерекелік концерті Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың 850 жылдығы, кешегі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Алаш қозғалысының 100 жылдығы мерейтойларының жалғасы. Әрі ел ішінде өткізіліп жатқан мәдени-саяси іс-шаралардың қорытындысы іспетті. Себебі концерт елдікті ояту,  намысты қайрау, рухани серпіліс әкелу, өткен-кеткен дүниелерге көз жүгірту және ой бағамдауды мақсат тұтады.

— Қазақ көші төрткүл дүниеге тарыдай шашылған барша қазақ үшін естен кетпейтін ұлы көш. Қиырда жүрген қазақты Отанына қайтарып, туған жерімен табыстырды. 

—  Керегеміз кеңейді. Атап айтқанымдай, жұтылып бара жатқан сонау түкпірдегі барша біздің ұлттық құндылықтар оралды. Қазақтың саны көбейді. Жатта жүрген бауырлар туған жердің топырағымен табысты. Мыңдаған қазақтың жүрегіндегі арман-шері, сағынышы басылды. Сондықтан, алдағы жұма күні өтетін кешке барша қазақ баласы келсе деймін. Бұл кеш бұрынғы кештерден өзгеше! Бұл кеште қазақтың домбырасын күмбірлетіп, кешегі бабалардың әнін айтып, жырын жырлап, шын жүректен елдігіміз, ерлігіміз үшін қуанамыз!

Сұхбаттасқан: Айжан Бақдәулетқызы 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи