Әнуар Нұрпейісов Ресей компаниясы Аэрофлоттан аулақ болуға шақырады (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709155847480_small.JPG

Танымал актер Әнуар Нұрпейісов Instagram желісінде өз оқырмандарын ресейлік әуекомпания Аэрофлоттан аулақ болуға шақырды деп хабарлайды, "Қамшы" порталы. Актер видеоны Венгрия астанасы Будапешт әуежайында түсірген. Астанадан Мәскеу арқылы Бухарестке ұшқан актер, Мәскеуде ұшағының бірнеше рет кейінге қалдырылып, 15 сағаттай кейінге қалғанын айтады. Ал, Будапешт ешқандай жоспарда болмаған. Тіпті Бухарестке жеткенде актердің багажы жоқ болып шыққан.

Әнуар Нұрпейісов әуекомпанияның көрсеткен қызметіне еш көңілі толмай, оқырмандарына қандай да бір маңызды кездесу болса, тәуекел етпей Аэрофлотты қолданбауға шақырды.

Айта кетсек, Аэрофлот — ресейлік ұлттық әуе тасымалдаушы (51 % — мемлекет меншігінде). Ең ірі ресейлік әуе компания. Штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан. Толық атауы — «Аэрофлот — ресейлік әуе желілері» ашық акционерлік қоғамы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи