Жиһадқа кеткен қазақтар тағдыры театрда сахналанды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709160120576_small.jpg

Араб жеріне адасып кеткен қазақтардың тағдырын Қарағанды театры «адасқандар»  спектаклінде сахналады. Бұл туралы Aydana Alaman facebook парақшасында жазды.

«Труппа үшін оны сахналау оңайға түспегені анық. Себебі, асыра діншілдер арамызда көп жүргенмен, оларды зерттеу, психологиясын ашу өте қиын. Жалпы драматург К.Жұмабековтің де, режиссердің де тақырыпты дәл 100% білмейтіндігі сезіледі. Себебі, біраз нәрсе үстіртін кетті. Режиссерлік шешімдер спектакльді бірізділік қасиетінен арылтып, үзік-үзік, бірнеше сериалы фильмдей әсер беріп тұр... Жалпы қойылымның басты мақсаты жасөспірімдерге бағытталғандықтан, өз деңгейінде оларға ой сала білді. Себебі, сыртта көзі ісіген, шабыттана талқылаған жастар көп болды», деді жазба авторы өз бөліскен Видеоға.

Оставить комментарий

Связанные Статьи