"Қамшы" порталы 18 қарашада, Алматы қаласында "Көш және Көшбасшы" атты мерекелік концерт өткізді. Мерекелік кеш Қазақстан Тәуелсіздігі мен ұлттық көші-қонға негіз болған қаулының қабылданғанына 25 жыл толуына орай өткізілді.
Осы орайда оқырман назарына 2002 жылдың 23-24-ші қазан күндері Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі Қазақтарының ІІ-ші Құрылтайындағы ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНА ЖОЛДАУЫН ҰСЫНАМЫЗ:
"Тағдырымыз солай болып, аннан қашқандарды, мұннан қашқандарды Еуропадан да, Азиядан да тың жерді көтереміз деп, қазақтың санын азайтамыз деп, көп ұлтты болдық. Оны кемшілік деп санамау керек. Артықшылығымыз деп санау керек! Сондықтан біз әр ұлттың халқын бауырымызға басып үйренген халықпыз, ал енді шетелден көшіп келеміз деген өз қазақтарымызды бауырымызға баса алмаймыз ба сонда?! Мен ойлаймын, сегіз жарым миллион қазақ Қазақстанда. Меніңше, қазір тоғыз миллионға жақындады. Себебі, осы жылдардың ішінде жарты миллион қазақ көшіп келді. Сегіз миллионды орташа үш жарымға, төртке бөлгенде, қанша жанұя болады?! Екі миллионға жақын біздің жанұямыз бар. Төрт миллионға жақын жанұя екі қазақтан шақырып әкеп, аяғынан тұрғызып жіберсе, сонша қиыншылық болмас деп ойлаймын соларға. Бұл біздің елдігіміз болып саналар еді. Дүние жүзіне біз осындай мағлұмат, мәлімет, тәжірибе берер едік!» деп айтқан еді.