Диктатордың 11 белгісі

/uploads/thumbnail/20170709162251864_small.jpg

Меніңше диктаторлардың басты белгілері мыналар:

  1. Диктаторлар - диктаторларды жек көреді. Бұл, біздің қазақтың: «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» дегеніндей.
  2. Диктатор - өзінен басқа ешкімді жақсы көрмейді.
  3. Диктатор - ешқашан да «тойдым» дегенді білмейді: ала береді, асай береді.
  4. Диктатор - барлық жерге өз суретін шаптағанды, тіпті, ақшаға да өз суретін салдырғанды, сондай-ақ, диктатор - қанатты сөздер мен ұрандарды өз атынан жариялап отырғанды жақсы көреді.
  5. Диктатор - барып тұрған қанішер болып келеді. Өзіне қарсы шыққан халықты да қырып салады. Оның кезінде елде абақтылар мен оған тоғытылғандардың саны шектен шығады.
  6. Диктатор - барлық істі бір өзі шешеді. Ал, кейін, орнынан тайдырылғанда, оған жалғыз өзі жауап бергісі келмейді.
  7. Диктатор - айналасына жер қайысқан жағымпаздар армиясын жинайды.
  8. Диктатор, тіпті, құдайға да сенбейді. Тек, өзіне ғана сенеді.
  9. Дктатор - елде жеке-дара билік орнатады, қарсы шыққандарды аямай жазалап отырады.
  10. Диктатор – өле-өлгенше диктатор болып қалады. Ол ешқашан да адами қалыпқа келмейді.
  11. Диктатор - өзін туған ұлтын, оның дінін, тілін, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жек көреді...

Жұмаш Көкбөрі

Связанные Статьи