КСРО-ның ыдырауын Лукашенко кір жуатын ұнтақтың болмауымен түсіндірді

/uploads/thumbnail/20170709164537521_small.jpg

Беларусь президенті Александр Лукашенконың ойынша алып КСРО мемлекет ішіндегі бірінші қажеттіліктегі өнімдердің болмауы кесірінен ыдырап кетті деп хабарлайды interfax.ru

«КСРО-ның ыдырау себебі неде? Ешнәрсені ойдан шығарудың қажеті жоқ – жай ғана халыққа кір жуатын ұнтақ жетіспеді, - деді Лукашенко Минскідегі ресейлік аймақтық БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция барысында.

«Ұзын-сонар кезекте тұрған әйелдерге қарап жаным ашитын.  Шетелдік кір жуатын ұнтақтың 10-20 қорабын алу үшін маған кезек келуін күткенім бар. Өзіміздің (отандық – ИФ) жетіспеді, ұнтақсыз өмір сүру қайда?» - деп ойын жалғастырды президент.

Беларусь басшысының сөзіне сенсек, бір жыл көлемінде Беларусияға мыңдаған модуль орнатып, бүкіл мемлекетті ұнтаққа көміп тастауға болатын еді. «Біз жеткілікті мөлшерде азық-түлік өнімдерін шығара алмадық дейсіз бе? Бос сөз»,- дейді Лукашенко.

Сонымен қатар Лукашенко «Кеңес Одағы кезінде жіберген қателікті қазір қайталамауымыз қажет екендігін айтты. Сол себепті қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыстап, қажет өнімдермен қамтамасыз етуіміз шарт» деп сөз қорытындылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи